Қызылжар ЖОББ мектебінде «Білім жолы: жарқын болашаққа қадам» тақырыбында аудандық семинар өтті. Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
Негізгі бөлімде ашық сабақтар ұйымдастырылып, мұғалімдер оқытудың заманауи әдістерін, оның ішінде сындарлы ойлау, топтық жұмыс және цифрлық технологияларды қолдануды көрсетті.
Маңызды шаралардың бірі – «Мамандықтар әлемі» іс-шарасы болды. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, кәсіби бағдар бойынша пайдалы кеңестер алды.
Семинар тәжірибе алмасумен аяқталып, ұстаздар мұндай кездесулер жаңа жетістіктерге шабыттандыратынын атап өтті.
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Қызылжар жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Кызылжарская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
---|